Tik-Tok-та жарнамаланған дәріні ішемін деп шымкенттік әйел өліп қала жаздады
© Сурет: pexels
Қан қысымы көтеріле беретін Шымкент тұрғыны Tik-Tok желісінде жарнамаланған дәріні ішіп, өлім аузынан аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
50 жастағы әйелдің басынан башпайына дейін бөртіп, кей жері күлдіреп қалған. Қазір №2 қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол екі ай бойы жоғары болып келген қан қысымын өз бетінше түсірмек болыпты. Құрамында алма сірке суы қышқылы, куркума және зімбіп қосылған бөтелкеге құйылған сұйықтықты жеке дүкендердің бірінен сатып алған көрінеді. Әйел бұл емді қазан айында бастаған. Желтоқсанда денесі бөртіп, қыши бастапты. Айналдырған төрт күнде аурухана төсегіне таңылған, деп хабарлайды astanatv.
"Күніне бір үлкен қасыққа толтырмай іштім. Маған ешкім кеңес берген жоқ. Өзім "Тик-токтан" көрдім. Дүкенді көрдім. Іздеп бардым. Ішкен едім, давлениеме көмектесті. Екі айдан кейін басқа аурулар басталды. Бірінші басым қышыды, денем қышыды. Қолдарыма бөртпе шықты", - дейді зардап шегуші.
Аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов соңғы кездері осы секілді "артық қыламын деп тыртық қылып", денсаулығын құртып жатқандардың көбейе бастағанын айтады. Артық салмақтан арыламын, омыртқа ауруынан айығамын, тіпті қант диабеті диагнозы барлардың өзі ауруханадан бір-ақ шығып, ес жиып жатқан жайлары бар екен.
"Осындай диагнозбен түскенде көп жағдайда 90 процент ол кісілер бақилық болады. Бұл кісіге дер кезінде көмек көрсетілді. Дұрыс көмек көрсетілгеннің нәтижесінде қазір енді аман-есен қалып отыр. Жалпы мен дәрігер ретінде айтайын дегенім: осы интернет арқылы, әлеуметтік желі арқылы, соның ішінде тик-ток арқылы көптеген дипломы жоқ құр мамандар осы түрлі ауруларды емдеу бойынша нұсқаулар береді. Осыдан зардап шегіп жатқан науқастар өте көп". Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:17, 22 желтоқсан 2024
Астана, Алматы, Шымкент: 23-25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
-
17:54, 22 желтоқсан 2024
Оралдық студенттер антидрон құрылғысын ойлап тапты
-
17:37, 22 желтоқсан 2024
Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалім зардап шекті. Министр мәлімдеме жасады
-
16:41, 22 желтоқсан 2024
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
-
15:51, 22 желтоқсан 2024
Елордада толассыз қар жауып тұр. Қала әкімдігі мәлімдеме жасады
Танымал жаңалықтар
-
10:41, 22 желтоқсан 2024
-
13:38, 22 желтоқсан 2024
-
09:58, 22 желтоқсан 2024
-
14:55, 22 желтоқсан 2024
-
09:39, 22 желтоқсан 2024
-
09:49, 22 желтоқсан 2024
-
15:41, 22 желтоқсан 2024
-
13:49, 22 желтоқсан 2024
-
11:26, 22 желтоқсан 2024
-
12:50, 22 желтоқсан 2024
-
14:44, 22 желтоқсан 2024
-
10:57, 22 желтоқсан 2024
-
11:48, 22 желтоқсан 2024
-
12:55, 22 желтоқсан 2024
-
16:57, 22 желтоқсан 2024