Жетісу облысында 24 млн теңгенің айғақ затын ұрлап, іздеуде болған экс-полицей сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады. Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған. Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
"Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі күшіне енді", деп хабарлайды 2024 жылғы 18 желтоқсанда Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 18 желтоқсан 2024
Tik-Tok-та жарнамаланған дәріні ішемін деп шымкенттік әйел өліп қала жаздады
-
22:57, 18 желтоқсан 2024
«Уран кеніші» әңгімесі: «Алтын қалам 2024» байқауының бас жүлдесін Бекен Ыбырайым иеленді
-
22:39, 18 желтоқсан 2024
«Қар борап, көктайғақ болады». Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:57, 18 желтоқсан 2024
Қазақстандықтардың көбісі бөлшек сауда саласына шағымданған
-
21:50, 18 желтоқсан 2024
Қауіпті ойыншықтар анықталды: Жаңа жыл алдында ДСМ ел азаматтарына ескерту жасады