Петропавлда анасына күн бермейтін ұртоқпақ ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
© Сурет: polisia.kz
Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны анасын балағаттағы үшін 10 тәулікке қамаққа алынды. Бұған дейін де ол осындай құқық бұзушылық жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды.
"30 күн бойы анасына жақындап күш көрсетуге, балағат сөз айтуға және қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салды. Алайда ер адам бұл әрекетінен сабақ алмаған, бірнеше күннен кейін мас күйде анасымен тағы жанжалдасқан. Осылайша ол қорғау ұйғарымын бұзды. Бұл үшін заңмен 10 тәулікке қамауға алу түріндегі баламасыз жаза көзделген", делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер балағат сөздер — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін еске салады. Жыл басынан Петропавлда полицейлер қорғау ұйғарымын бұзған 89 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:45, 18 желтоқсан 2024
Футзалдан EURO-2026 іріктеу ойындары: Қазақстан мен Армения тең түсті
-
21:32, 18 желтоқсан 2024
Полиция алматылықтарға кейбір көшелер ішінара жабылатынын алдын ала ескертті
-
20:56, 18 желтоқсан 2024
Alibaba Қазақстандағы қосымша құн салығын төлеушілер қатарына қосылды
-
20:44, 18 желтоқсан 2024
Астанада бас шыршаның шамы жағылды
-
20:36, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан азаматы ірі ұтысын төлеуден бас тартқан букмекерлік кеңсені сотқа берді