Молдовада президенттік сайлаудың екінші туры басталды

© Сурет: pexels
Молдовада президенттік сайлаудың екінші туры басталды. 2 қараша, жексенбіде елдегі дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің барлығы ашылды. Республика тұрғындары келесі төрт жылға мемлекет басшысын сайлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел аумағында таңертең 2,2 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істей бастады, тағы 231-і шетелде ашылды. Молдованың орталық сайлау комиссиясы 878 халықаралық және 1546 ұлттық бақылаушыларды аккредиттегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "РИА Новости".
Президент сайлауының екінші кезеңіне қазіргі президент Майя Санду және оппозициялық Социалистік партия үміткері Александр Стояногло қатысуда. Сайлаудың бірінші турында Санду 42,45% дауыс жинады, Стояноглоның еншісінде - 25,98%. Екінші турда көпшілік дауысқа ие болған кандидат жеңіске жетеді.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 21:00-де жабылады.
Айта кетсек, дауыс берудің бірінші кезеңінде республика президенті лауазымына 11 саясаткер үміткер болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:32, 15 маусым 2025
Үндістанда тікұшақ апатынан жеті адам қаза тапты
-
14:34, 14 маусым 2025
Әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты
-
12:57, 14 маусым 2025
АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздер ары қарай өз жалғастығын таба ма - Иран СІМ жауабы
-
15:55, 13 маусым 2025
Air India ұшағында тағы бір төтенше жағдай орын алды
-
13:24, 11 маусым 2025
Лос-Анджелестегі жаппай тәртіпсіздіктер: қала мэрі төтенше жағдай енгізіп, коменданттық сағат жариялады