Пәкістанда лас ауа бір айда 1,8 миллион адамды ауруға шалдықтырды
© Фото: Zakon.kz
Пәкістанның Пенджаб провинциясындағы ауаның ластануы бір айда 1,8 миллион адамды ауруға шалдықтырды. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News мәліметінше, өткен айда ауруханаларға Пенджаб провинциясында ауаның ластану жағдайының нашарлауына байланысты өзін жайсыз сезінген 1,8 миллион адам жүгінген.
Айта кетейік, 127 миллион тұрғыны бар Пенджаб өткен айдан бері түтінмен күресіп келеді.
"Соңғы 30 күнде ауруханалар мен жеке клиникаларға Пенджаб аймағындағы түтіннен зардап шеккен 1,8 миллионнан астам тұрғын жүгінді. Олардың көпшілігі тыныс алу жолындағы мәселелері мен көз ауруларынан зардап шеккен", – деді Ахсан Риаз, Денсаулық сақтау департаментінің өкілі.
Провинциядағы мектептер балалардың денсаулығын сақтау үшін бес күнге жабылды.
Бұған дейін Трамптың тағы бір лауазымды тұлғаны тағайындағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 9 желтоқсан 2024
Жапонияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр
-
17:20, 8 желтоқсан 2024
Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр
-
17:02, 8 желтоқсан 2024
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының алтынына таласады
-
12:14, 8 желтоқсан 2024
Сирияда Башар Асад билігі құлады
-
15:41, 7 желтоқсан 2024
Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті