Абхазиядағы көтеріліс: оппозиция ел президенті орнынан кетуге келіскенін мәлімдеді

21:58, 15 қараша 2024

© Сурет: видеодан алынды

Абхазиялық оппозиционерлер республика басшысы Аслан Бжания өз қызметінен кетуге келіскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Республика" Telegram арнасының мәліметінше, Бжания республика президентінің міндетін атқарушы етіп қазіргі вице-президент Бадра Гунбаны тағайындауды сұрады.

Дәл қазіргі уақытта үйлестіру кеңесі, Парламент депутаттары мен қазіргі президент арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылады. Оппозиция екі ұсынысты алға тартты:

  • биліктен барлығы кетеді: президент те, вице-президент те, премьер де. Лаша Ашуба парламент спикері ретінде сайлауға дейін президенттің міндетін атқарады.
  • президент, вице-президент, премьер-министр кетеді. Президент барлық тараптарды қанағаттандыратын адамды міндетін атқарушы етіп тағайындайды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!