Қытайда өртеуге арналған қоқыс таусылып барады
© Сурет: pixabay
Қытайдағы қоқыс жағатын зауыттарда өртеуге арналған қалдықтар таусылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Financial Times басылымының мәліметінше, бұл бірнеше факторға, атап айтқанда, қолжетімді қоқыс көлемінің азаюына, тұтыну деңгейінің төмендеуіне, халық санының қысқаруына және елдегі қалдықтарды басқару жүйесінің жақсаруына байланысты.
"Он жыл бұрын Қытай қоқыс проблемасымен күресу үшін қомақты қаражат құйып, қалаларда орын алған "қоқыс дағдарысын" шешу мақсатында үлкен қоқыс жағу зауыттарының желісін салған еді", – делінген ақпаратта.
Алайда қазір бұл зауыттардың қуаты елдегі жыл сайынғы қоқыс көлемінен асып түсіп отыр. Соның салдарынан кейбір кәсіпорындар жұмыссыз тұрып қалса, енді біреулері қоқысты сатып алуға мәжбүр.
Бұған дейін Қытайда әлемдегі ең ұзын керме көпір ашылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 11 тамыз 2026
Түркия жағажайларында ауқымды реформа жүргізіледі: туристер нені білуі керек
-
11:39, 11 тамыз 2026
Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды - оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған
-
11:16, 11 тамыз 2026
Колумбиядағы жер сілкінісіне байланысты футбол чемпионаты уақытша тоқтатылды
-
13:39, 9 тамыз 2026
Тағы бір ел туристер үшін электронды визаны іске қосады
-
12:35, 9 тамыз 2026
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін қатаң талаптар қойды





