Кубада алапат дауылдан кейін магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды
© Фото: wikimedia
Кубаның шығысында 10 қараша күні бірнеше аптаға созылған дауыл мен электр қуатының үзілуінен кейін 6,8 балдық жер сілкінісі болып, көпшіліктің үрейін алды, деп хабарлайды Zakon.kz
CBS News мәліметінше, АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің эпицентрі Кубаның Бартоломе Масо қаласының маңында болғанын хабарлады.
Зілзаланы Кубаның ірі қалаларының бірі Сантьяго-Де-Куба тұрғындары да сезген. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы шұғыл ақпараттар болған жоқ.
Жер дүмпуі онсызда бірнеше аптадан бері алапат дауылмен бетпе-бет келіп отырған кубалықтар үшін соққы болды.
Бұған дейін Германия президентінің үш министрді отставкаға жібергені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:37, 10 желтоқсан 2024
Сирияда түрмелерден мыңдаған адам босатылды
-
09:11, 10 желтоқсан 2024
Тбилисидегі наразылық шараларына байланысты Грузияда пиротехникалық заттарды қолдануға шектеу қойылады
-
21:31, 9 желтоқсан 2024
АҚШ өз территориясында туылған шетелдіктердің балаларына азаматтық беруді доғармақ
-
12:40, 9 желтоқсан 2024
Жапонияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр
-
17:20, 8 желтоқсан 2024
Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр