Калифорниядағы орман өрті: Трамп 100 млн доллар көмек ақшаның жоғалып кеткенін мәлімдеді
© Сурет: X/Abdquil
АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния штатындағы өрттен зардап шеккендерге көмек мақсатында жиналған 100 миллион доллардың жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол Truth Social-дағы өз парақшасында жазды.
"100 миллион жоғалып кетті. Бұл ақша дұрыс үлестірілген жағдайда Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккендерге көмекке жұмсалар еді", делінген жазбада.
Трамп мұндай ірі соманың ұшты-күйлі болуын АҚШ Демократиялық партиясының жымысқы әрекеті деп атады. Сондай-ақ, ол Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсомды өрт кезінде әрекетсіздігі үшін айыптап, қаланы қалпына келтіруге шақырды.
Лос-Анджелестегі орман өрттері 2025 жылдың 7 қаңтарында басталды. Өртке байланысты штатта ірі табиғи апат режимі жарияланды. 12,3 мыңнан астам нысанның көзі жойылды.
2025 жылғы 25 шілдеде Астанада алаяқтық пен қайырымдылық қаражатын ұрлауға байланысты атышулы іс бойынша соңғы шешім шығарылды. Қайырымдылық қорының басшысына Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





