Иран АҚШ-тың Қатар мен Ирактағы әскери базаларын атқылады
© Сурет: pixabay
Иран Қатардағы америкалық әскери базаларға қарсы операцияны бастады. Бұл туралы Иранның мемлекеттік теледидары хабарлады. Сондай-ақ Ирактағы АҚШ әскери базасына да шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости Tasnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, АҚШ базаларына қарсы ұйымдастырылған операция "Жеңіс жайлы сүйінші хабар" деген атауға ие екенін хабарлайды.
Қатар Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Иранның әуе соққыларынан құрбан болғандар жоқ.
Иран Қатардағы америкалық базаларға қарай 10 зымыран және Ирактағы америкалық базаға 1 зымыран ұшырды, деп жазады ТАСС Ynet-ке сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ, Иранның қарулы күштері АҚШ-тың Қатардағы әл-Удейд әскери базасына соққы бергенін растады. РБК мәліметтері бойынша, Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) Қатардағы америкалық базаны зымыранмен атқылағаннан кейін мәлімдеме жариялады.
"Қарулы Күштер сапындағы ұлт ұлдарының шешуші әрекеттері Ақ үй мен оның одақтастары үшін айқын және біржақты: "Иран Ислам Республикасы Құдіретті Құдайға арқа сүйеп, исламдық Иранның сенушісі мен даңқты халқын арқаланып, оның аумақтық тұтастығына, егемендігіне және ұлттық қауіпсіздігіне ешбір жағдайда қол сұғушылықты жауапсыз қалдырмайды", - деді ИРСК.
Сонымен қатар Қатар СІМ-нің болған жағдайға қатысты реакциясы жарияланды.
Ведомствоның хабарлауынша, Иранның соққысы Қатар мемлекетінің егемендігі мен әуе кеңістігін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқығы мен жарғысын өрескел бұзу болып табылады.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы Ормуз бұғазын жабу ықтималдылығы туралы қауесетке байланысты мұнай өндіруші компанияларды бағаны өсірмей, тежеп ұстауға шақырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





