ХАМАС Израильдың тағы төрт азаматын босатты

© Сурет: pixabay
Қызыл Крест өкілдері ХАМАС 2025 жылдың 25 қаңтарында тағы төрт кепілге алынған израиль азаматтарын өздеріне табыстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты Telegram-дағы арнасында Израиль армиясы (ЦАХАЛ) растады.
Ведомствоның баспасөз қызметі қазір босатылған адамдар Израиль қорғаныс күштері мен Газа секторындағы жалпы қауіпсіздік қызметіне қарай бағыт алғаны айтылады.
Азат етілгендер тізімі: 20 жастағы Карина Ариева, 20 жастағы Даниэла Гилбоа, 20 жастағы Наама Леви және 19 жастағы Лири Альбаг. Олардың барлығы Израильдің әскери қызметшілері болып табылады.
Оларды ХАМАС содырлары 2023 жылдың 7 қазанында Израиль аумағына шабуыл жасаған кезде ұрлап әкеткен. Қыздар Газа секторымен шекарадағы бақылау пунктінде болған.

Қыздар Газадағы атысты доғару туралы келісім аясында палестиналық тұтқындар тобына айырбастау мақсатында босатылды.
Бұған дейін ХАМАС 471 күн тұтқында болған Израильдің үш кепілге алынған азаматын Қызыл Крестке табыстағандары хабарланған. Атысты тоқтату туралы келісім аясында Роми Гонен, Эмили Дамари және Дорон Штайнбрехер босатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:49, 8 ақпан 2025
Кемемен демалуға аттанған жүзге жуық америкалық карантинге жабылды
-
22:02, 7 ақпан 2025
Үнді көріпкелі бүкіл адамзат үшін 2025 жылдағы маңызды күнді атады
-
12:25, 7 ақпан 2025
Американдық әріптесінің есімін жамылып 36 жыл бойы өмір сүріп келген
-
11:44, 7 ақпан 2025
Қытай әлемдегі ең үлкен суасты телескопын іске қосты
-
16:55, 6 ақпан 2025
Таиландтан оралған туристен тері астындағы паразиттік құрт табылды