Қазақстандағы пойызда жолаушыларға арналған интернет жүйесі іске қосылды
© Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
Қазақстанда жолаушыларға ғаламтор қолжетімділігін ұсынған алғашқы пилоттық жоба аясында №3/4 "Астана-Алматы" пойызы елордадан жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бағыттағы сапар 17 сағатқа созылады. Алғашқы сапарда 500 жолаушы ғаламторға қосылу мүмкіндігін қолданды.
"Жолаушылар жаңа қызмет арқылы WhatsApp-та бейнеқоңырау жасап, YouTube-тан бейнероликтер көріп және басқа да танымал ғаламтор-сервистерді пайдаланды. Алайда, торренттер мен ағынды жүктеу сайттарына кіруге шектеу қойылғанын ескерген жөн. Жолаушылардың айтуынша, ұзақ сапарларда ғаламтордың қолжетімділігі жол жүруді әлдеқайда қолайлы әрі қызықты етеді", - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қыхзметі.
Пойыздағы ғаламтор заманауи спутниктік технологиялар арқылы іске қосылған. Локомотивке орнатылған спутниктік құрылғы бір пойыз қүрамында тұрақты және жоғары жылдамдықты ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
"Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біз осы қызметті кеңейтіп, алдымен "Тальго" пойыздарының барлық 15 бағытына ғаламтор енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Жоба аясында билеттерді тексеруге арналған мобильді терминалдар, пойыз басшылары үшін бейнерегистраторлар және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Барлық жазбалар автоматты түрде бұлтты деректер қоймасында сақталып, бақылау мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ғаламтордың енгізілуі мейрамхана вагонындағы төлем жүйесіне өзгеріс әкелді – енді жолаушылар тапсырыстарын жол барысында POS-терминалдар арқылы төлей алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:02, 27 қаңтар 2025
Қазақстандықтардың жартысына жуығы медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайды
-
10:50, 27 қаңтар 2025
2025 жылы қанша қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады
-
10:42, 27 қаңтар 2025
Қытайлық зейнеткер қыруар қаржыдан бас тартып, үйін бұзғызбаған
-
10:31, 27 қаңтар 2025
Алматы облысында ірі дропперлер тобы әшкереленді
-
10:23, 27 қаңтар 2025
Синоптиктер Алматы, Астана және Қазақстанның тоғыз қаласының тұрғындарына ескерту жасады