Путин Ресейдің Украина бойынша келіссөздерге дайын екенін растады
© Сурет: akorda.kz
"Ресей Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздерге, соның ішінде АҚШ-пен диалогтқа дайын", - деді - Ресей президенті Владимир Путин, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 қаңтарда ТАСС-тың хабарлауынша, Мәскеу мемлекеттік университетінде болған Путин мұны ВМТРК журналисі Павел Зарубинмен әңгімелесу кезінде айтқан.
"Біз әрдайым айтып келеміз, мұны тағы да бір рет атап өткім келеді, біз украиналық мәселелер бойынша келіссөздерге дайынбыз", деп пікір білдірді Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей Федерациясымен украиналық тақырыптағы талқыны бастауға ниетіне қатысты.
Сондай-ақ ол Трамппен арада әрдайым іскерлік, прагматикалық, тіпті сенімді қарым-қатынаста болғанын атап өтті.
"Егер одан 2020 жылы жеңісті ұрлап алмағанда, онда 2022 жылы пайда болған Украинадағы дағдарыс болмас па еді", – деп атап өтті Ресей Федерациясының басшысы.
Оның айтуынша, Украинаға қатысты ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер бар.
"Мысалы, Киевтегі режимнің қазіргі басшысы, бұдан да құзіретті ел басшысы болып тұрғанда келіссөздер жүргізуге тыйым салу туралы жарлық шығарғаны белгілі", – деді Путин.
Бұған дейін Дональд Трамп Владимир Путинге Украинадағы әскери қақтығысты доғаруға шақырды. АҚШ президенті егер жақын арада бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, ол ресейлік өнімдерге жоғары салықтар, тарифтер мен санкциялар енгізуге мәжбүр болатынын айтты. Кейінірек бұл мәлімдемеге қатысты Ресей президентінің хатшысы Дмитрий Песков жауап берді. Ол Владимир Путин Дональд Трамппен сөйлесуге дайын екенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





