2024 жылы Қазақстанда 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды
© Фото: zakon.kz
Өткен жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өткен жылдың сәуір айынан бастап республика аумағында "Таза Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді
Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты. Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізді.
Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды, сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді:
- қоғамдық орындарды ластаудың 109 мың фактісі;
- абаттандыру ережелерін бұзудың 198 мың фактісі.
Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау берілді, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды.
ІІМ азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға, қоқысты рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға және тазалық пен тәртіпті сақтауға белсене қатысуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:43, 27 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореяның тұтқындалған президентіне «бүлік шығарды» деген айып тағылды
-
09:35, 27 қаңтар 2025
«Қызылорда-Арал» тасжолы ақылы болды
-
09:24, 27 қаңтар 2025
Қазақстанда инвесторлар тізілімін құру жоспарлануда
-
09:13, 27 қаңтар 2025
Өткен жылы Алматыда 118 көппәтерлі үй мен 54 ғимараттың лифтісі жаңартылды
-
09:02, 27 қаңтар 2025
Полицейлер қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды тәркіледі