Алты жастағы жиенін ваннаға батырып өлтірді: Шымкент тұрғыны 20 жылға сотталды
© Фото: zakon.kz
Шымкентте алты жастағы жиенін өлтірген әйелге үкім шықты. Ол қыздың қолын байлап, ваннада суға батырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот отырысы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық сот отырысында өтті. Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды өлтіру" бойынша айып тағылды.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы маусымда қала тұрғыны мен оның әпкесінің қызы Ақпан батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде болған.
"2018 жылы туған жиені Е.-ның оянып, айқайлап жібергеніне ашуланған сотталушы баланың қол-аяғын байлап, ұрып-соғып, оны еденге лақтырып жіберген ваннаға су құйып, жиенін суға батырып өлтіріп, қасақана кісі өлтірген", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Прокурор әйелді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кешіріп, оған қатаң жаза қолданбауды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін мойындамады.
Сот К.-ны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:31, 27 қаңтар 2025
Алматы облысында ірі дропперлер тобы әшкереленді
-
10:23, 27 қаңтар 2025
Синоптиктер Алматы, Астана және Қазақстанның тоғыз қаласының тұрғындарына ескерту жасады
-
10:14, 27 қаңтар 2025
Абай облысында мектеп оқушысы мыңға жуық асық жинаған
-
10:02, 27 қаңтар 2025
АҚШ-тағы мигранттарға арналған жаңа ережелер: қазақстандықтар нені білуі керек
-
09:51, 27 қаңтар 2025
Павлодар облысында аса ірі көлемде есірткі сақтау және тарату фактілері анықталды