Юлия Галышева фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:16, 26 қаңтар 2025
Сандуғаш Кенжебаева Түркияда қатарынан үшінші турнирде жеңіске жетті
-
10:19, 26 қаңтар 2025
Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды
-
16:40, 25 қаңтар 2025
Екі қазақстандық спортшы фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
-
22:55, 24 қаңтар 2025
ITF W15: Түркиядағы беделді жарыста отандастарымыз финалда өнер көрсетеді
-
17:31, 24 қаңтар 2025
Қазақстан спортшыларының жас санатына өзгеріс енгізілді