Ұлыбританияда үш қатарласын өлтірген жасөспірім сотталды
© Фото: pexels
Ұлыбританияның Саутпорт қаласында Аксель Рудакубана есімді жасөспірім үш қызды өлтіргені үшін 52 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News дерегінше, жасөспірім би студиясына ас үй пышағымен кіріп, қыздарға шабуыл жасаған. Ол кезекті құрбанының қасында болған кезде ұсталды. Кейінірек оның электронды құрылғыларын талдау, оның зорлық-зомбылық пен геноцид идеяларына құмар екенін көрсетті.
Белгілі болғандай, ол кісі өлтіру және балалар мен ересектерді өлтіруге әрекет жасау сияқты 13 түрлі тармақ бойынша өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Дегенмен Рудакубана 52 жылдан кейін ғана мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Сондай-ақ, судьяның бас бостандығынан айыруға мүмкіндігі болмағаны атап өтілді. Себебі, айыпталушы қылмыс кезінде небәрі 17 жаста еді.
Сонымен қатар, сотталушының өзі сот үкімі жарияланған кезде отырысқа қатысқан жоқ, өйткені ол бұған дейін өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, айқаймен процесті бұзуға тырысқан.
"Рудакубана өзінің адвокатына кеудесінде ауырсыну бар екенін, әрі қарай жүре алмайтынын айтты және фельдшердің көмегіне жүгінгісі келді, бірақ судья екі фельдшер оны "жалғастыруға қабілетті" деп танығанын айтты", – делінген басылымда.
Бұған дейін Алматыда полиция ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 10 дерегін тергеп жатқандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 24 қаңтар 2025
Путин Ресейдің Украина бойынша келіссөздерге дайын екенін растады
-
12:17, 24 қаңтар 2025
Татарстанда 11 жасар бала хоккей ойнағаннан кейін қайтыс болды
-
10:53, 24 қаңтар 2025
Трамп Кеннедиді өлтіру ісі бойынша құжаттарды құпиясыздандырмақ
-
10:30, 24 қаңтар 2025
Жасөспірімді жабылып зорлап артынша өлтірген бес ер адам өлім жазасына кесілді
-
12:23, 23 қаңтар 2025
Қырғызстанда ұйытқыған жел мектептің шатырын ұшырып жіберді