Хабиб Нұрмағамбетовтың ұшақтан түсірілуі: әуекомпания билет құнын қайтарды

11:16, 15 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov

АҚШ-тың Frontier Airlines авиакомпаниясы экс-UFC чемпионына Лос-Анджелескке алған битлетінің құнын қайтарды, Zakon.kz.

Бұл туралы MMA Fighting порталы ақпаратында айтылған.

"2025 жылдың 11 қаңтарында Лас-Вегастан Сан-Францискоға 4401 рейсі ұшуға дайындалып жатқанда, бортсерік жолаушыларға апаттық шығу жолы жайлы әдеттегі нұсқауды айтты. Шығу қатарында отырған Хабиб Нұрмағамбетовтан бірнеше рет оның дайындығы және төтенше жағдайда көмектесе алатындығы сұралды. Бортсеріктің айтуынша, Нұрмағомедов бірнеше мәрте қойылған сұрақтарды елемей, жауап бермеген. Осылайша, ол талаптарға сәйкес келмейтін жағдай тудырды",- делінген ақпаратта.

Бортсерік Нұрмағамбетовқа мұндай жағдайды шешудің екі жолы ғана бар екенін ескерткен.

  • басқа орынға отыру,
  • ұшақтан түсірілу.

Авиакомпания Нұрмағамбетовты ұшақтан түсіру туралы шешім оның этникалық тегіне ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті. Осылайша әуекомпания спортшыға билет қаражатын қайтарып берген.

Бұған дейін АҚШ-та бортсерікпен сөзге келіп қалған Хабиб Нұрмағамбетовтың рейстен түсірілгені хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!