Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды
© Сурет: pixabay
Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды. Ташкент облысының тәртіп сақшылары жануарларды жаппай сойып келген жасырын цехты тапқан.
Өзен суына тасталған есектің сүйегі мен өзге де қалдықтары түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді. Куәгерлер 13 өлексені санап шықты. Осыдан соң жедел әрекетке көшкен полицейлер есек союға арналған қасапхананы тапты.
Белгісіз біреулер қараусыз қалған фермада осындай жымысқы әрекетті жүзеге асырып келген. Сондай-ақ жасырын цехтан 25 бас тірі есек табылды. Бұл іс бойынша үш адам күдікке ілініп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Ташкент облыстық ішкі істер басқармасы тергеу- тексеру жұмыстарын бастады. Ал қоғамдық тамақтану орындарында есек етінің бар-жоғын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





