14 қаңтардағы саудада доллар тағы өсті

© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 14 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,53 теңгеге көтеріліп, 530,24 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 72,17 теңгеге (+0,39) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 529,9-533,5 теңге, еуро 542-547,5 теңге, рубль 5,09-5,21 теңге аралығында сатылуда.
14 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,48%-ға арзандап, барреліне 80,62 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,36%-ға арзандап, барреліне 77,02 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 528,52 теңге, еуроны 539,14 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 12 ақпан 2025
Доллар бағамы тағы бес теңгеге арзандады
-
12:53, 12 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 12 ақпандағы валюта бағамдары
-
09:22, 12 ақпан 2025
Криптовалюта нарығындағы ақша айналымы 3 трлн доллардан асты
-
11:54, 11 ақпан 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 11 ақпандағы валюта бағамы
-
15:56, 10 ақпан 2025
Доллар бағамы демалыс күндерінен кейін де құлдырауын жалғастырды