Жетісу облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толды
© Фото: zakon.kz
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер-педагог, талдықорғандық Ысқақ Құсайыновты 101 жасқа толуымен құттықтады.
Ақсақал Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өзінің ғасырдан асқан белесін өткеруде. Айта кетейік, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері тұрады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бейбіт Исабаев дәстүр бойынша ардагердің иығына шапан жауып, өзінің құттықтау хатын табыс етті. Ардагерге тілегін білдіріп:
- Облыста қан майданда алғы шепте болған үш майдангер ақсақалымыз бар. Солардың ішінде үлкені Ысқақ ата үшеуінің алды болып 101-ге келіп отыр. Ысқақ ата, келген жасыңыз құтты болсын. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі. Осы мерейтойда қатардан қалмай, орден-медальдарыңызды тағып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, сапта тұрасыз деп сенеміз, - деді өңір басшысы.
Мұнан соң ақсақалға Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтау хатын Жетісу облысындағы осы ұйымның төрағасы Рахым Қырқабақов тапсырды. Майдангер қарияға көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдірген ардагердің қызы Гүлсімхан Мырзаханова:
- Әкем бір үйдегі он алты баладан жалғыз өзі тірі қалып, он бес жасынан еңбекке араласқан. Әкесінен жастай жетім қалған соң анасына қолғабыс етіп жұмыс істеген. Соғыстың да қиындығын көрді. Мұғалім болды. Кейін 95 жасына дейін де алма ағаштарын баптады, бақша екті, немерелеріне деп жеміс-жидек өсіріп беріп отыратын. Сол еңбегінің, сергектігінің арқасы шығар, бүгін, міне, жүз бір жасқа келіп отыр. Осы жасында сыйлап, үлкен құрмет көрсетіп жатқандарыңызға көп рахмет. Әкемнің көрген бейнетін бермей, зейнетін берсін бәріңізге. Сіздер де бала-шағаларыңыздың қызығын көріп, елге қызмет ете беріңіздер, - деді ол.
Өз кезегінде елімізге бейбітшілік тілеп, батасын берген Ысқақ ақсақал:
Ескі заман келмеске кетті, жаңа заман туды. Жаңа дәуірде еңбектерің жемісті, істерің сәтті болсын! Денсаулықтарың зор болсын, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, арман-мақсаттарына жетсін, - деді.
Ысқақ Құсайынов Алакөл ауданының Көлбай ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Он сегіз жасында өз еркімен соғысқа аттанды. 1942 жылы Украина майданында атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ал 1943-1945 жылдары Тынық мұхитындағы Амур әскери-теңіз флотының «Зенит» дивизиясында болып, жауға қарсы шайқаста ауыр жарақаттанды. Ерлік істері үшін оған «Әскери-теңіз флотының үздігі» атағы берілді. Мұнан соң Совет-Жапон соғысына қатысты. Лепсідегі педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны аяқтаған соң кейінгі 40 жыл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнады.
Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Жуков медалімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен және басқа да марапаттармен наградталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 14 қаңтар 2025
Тұман, қар, жаяу бұрқасын: 15 қаңтарда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
22:10, 14 қаңтар 2025
«Қазақтелеком» Tele2/Altel-ді қатарлық компанияға сатты
-
22:04, 14 қаңтар 2025
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан бір адамды құтқарды
-
21:59, 14 қаңтар 2025
Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасының жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылары
-
20:47, 14 қаңтар 2025
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті Бакуде ұсталды