Еуропалық одақ қытайлық электронды сауда алаңына қатысты тергеуді бастады
© Сурет: unsplash
Еуропалық комиссия Қытайдың Temu электронды сауда алаңына қатысты тергеуді бастады. Сауда алаңына еуропалық нарықта заңсыз өнімді сатумен байланысты цифрлық қызметтер туралы заң тармақтарын бұзған болуы мүмкін деген күдік келтіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еурокомиссия PDD Holdings-ке тиесілі платформа технологиялық компанияларды реттейтін жаңа цифрлық қызметтер туралы заңды (DSA) бұзуда деп алаңдаушылық білдіреді
Temu-ға қатысты тергеуді қолға алуға түрткі заңсыз тауарларға мыналар жатады:
- авторлық құқықты бұзушы танымал брендтердің көшірмесі;
- еуропалық стандарттарға сәйкестігі тексерілмеген, сертификаты жоқ немесе қолдануға қауіпсіз емес дәрілер;
- құрамында тыйым салынған қоспалары болуы мүмкін косметика;
- денсаулыққа қауіп төндіретін балаларға арналған өнімдер.
The Guardian жалған өнімдерді, фармацевтикалық препараттар, косметикалық заттар мен ойыншықтар сатылымына қатысты бүкіл Еуропаның, әсіресе Германия, Дания және Ирландияның тиісті органдары алаңдаушылық білдіріп отырғандарын жазды.
Егер Еурокомиссияның күдігі расталса, онда компанияға ірі көлемде айыппұл салынады. Сәуірде ЕО-дан 75 миллион адам Temu-ға тіркелген, қыркүйекте оған жазылғандардың саны 92 миллионға дейін өсті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 9 желтоқсан 2024
Жапонияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр
-
17:20, 8 желтоқсан 2024
Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр
-
17:02, 8 желтоқсан 2024
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының алтынына таласады
-
12:14, 8 желтоқсан 2024
Сирияда Башар Асад билігі құлады
-
15:41, 7 желтоқсан 2024
Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті