Джо Байден 9 қаңтарды АҚШ-та аза тұту күні деп жариялады
© Сурет: Instagram/joebiden
Америка Құрама Штаттарында 2025 жылдың 9 қаңтары АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі президент Джо Байденнің тиісті мәлімдемесі Ақ үйдің сайтында 2024 жылдың 29 желтоқсанында жарияланған.
"Мен 2025 жылдың 9 қаңтарын бүкіл Америка Құрама Штаттарында ұлттық аза тұту күні деп белгілеймін. Американдықтарды осы күні өздерінің ғибадат орындарына жиналып, президент Джеймс Эрл Картерді еске алу үшін құрмет көрсетуге шақырамын". Джо Байден
Сондай-ақ, ол АҚШ туын Ақ үйде және ел билігіндегі барлық мекемелерде, оның ішінде шетелдегі нысандарда да Джемми Картердің қайтыс болған күнінен бастап, 30 күн бойы төмен түсіруді бұйырды.
Бұған дейін 2024 жылғы 29 желтоқсанда Джорджия штатында АҚШ-тың 39-шы президенті Джимми Картер қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ол 2024 жылдың 1 қазанында 100 жасқа толды.
Джеймс Эрл Картер тарихта өзін қысқартылған Джимми есімімен атауды сұраған алғашқы жоғары мемлекет қайраткері ретінде есте қалған.
Картер АҚШ-ты 1977 жылдан 1981 жылға дейін басқарды. Ол 1976 жылы республикалық Джеральд Фордты сайлауда жеңіске жеткен болатын. Келесі төрт жылдан кейінге сайлауда ол бұрынғы актер және Калифорния губернаторы республикашыл Рональд Рейганнан жеңілді.
Отставкаға кеткеннен кейін ол қайырымдылық, гуманитарлық жобалармен айналысты. 2002 жылы "Халықаралық қақтығыстардың бейбіт шешімдерін іздеудегі қажымас күш-жігері, демократияны алға жылжыту және адам құқықтарын сақтау, экономикалық және әлеуметтік дамуды ынталандыру үшін" Нобель сыйлығымен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:23, 2 қаңтар 2025
Нью-Йоркте түнгі клубтағы атыс кезінде 11 адам жарақаттанды
-
10:18, 2 қаңтар 2025
Лас-Вегаста жарылыс болды
-
14:37, 1 қаңтар 2025
Швейцарияда паранжа мен ниқаб киюге тыйым салатын заң күшіне енді
-
13:52, 1 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігіндегі» мәліметтер алынды
-
12:37, 1 қаңтар 2025
Эстонияның бұрынғы президенті дүние салды