Швейцарияда паранжа мен ниқаб киюге тыйым салатын заң күшіне енді
© Сурет: pixabay
Швейцарияда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық орындарда паранжа мен ниқаб сынды адам бетін толығымен жасыратын киімдер киюге тыйым салатын заң күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, бұл тыйымды бұзған адамға қатысты 100-ден 1000 швейцариялық франкке дейін айыппұл салынбақ, яғни 110,2-ден 1102 долларға дейін.
Швейцария халқы 2021 жылғы наурызда аталған мәселені дауысқа салып, референдумға қатысты. Тыйымды қолдап сауалнамаға қатысушылардың 51,2%-ы дауыс берді.
Бұрын бұл шектеу тек Сент-Галлен және Тичино аймақтарында қолданылып келген.
"Тыйымға ниқаб пен паранджа сияқты мұсылман діндарларының киімдері, сондай-ақ футбол жанкүйерлері киетін балаклава ілініп отыр. Енді оларды дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге тыйым салынады. Дегенмен бетті жауып тұратын киімдер мен заттарды діни орындарда, карнавалдарда немесе суықтан қорғау мақсатында киюге болады", делінген талап сипаттамасында.
Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттердің айтуынша, тыйым Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның аз бөлігіне қатысты. Өйткені, саясаткер атап өткендей, ниқабты мұсылман әйелдердің тек 20-30 шақтысы ғана киеді.
Осындай тыйым Швейцариядан бөлек Австрия, Бельгия, Болгария, Дания және Нидерланды сынды Еуропа елдерінде кездеседі. Бірінші болып бетті тұмшалаушы киім киюге тыйымды Франция 2011 жылы енгізді.
2024 жылдың маусымында Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды. Тиісті заңға ел президенті Эмомали Рахмон қол қойды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:17, 4 қаңтар 2025
Қытай әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушысы болды
-
11:16, 4 қаңтар 2025
Дональд Трамп Fox News журналисін Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы етіп тағайындады
-
11:05, 4 қаңтар 2025
2024 жылы Жерорта теңізінде 2200-ден астам адам қайтыс болды - БҰҰ
-
10:27, 4 қаңтар 2025
Ресей ұшағы Мысырдан келе жатқан жолда шұғыл қонды
-
09:41, 4 қаңтар 2025
АҚШ-та атыс кезінде төрт адам жараланды