БҰҰ: Иранда 612 адам өлім жазасына кесілген
© Фото: pexels
Иранда биылғы жарты жылда 612 адам өлім жазасына кесілген.
БҰҰ осылай деп мәлімдеді.
Аталған көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңінмен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады qazaqstan.tv.
Ұйымның дерегінше, қазіргі уақытта тағы 48 адам өлім жазасына кесілмек.
Осы дерекке сай, мұндай үкім шығарылғандардың 40 пайыздан астамы – есірткі ісіне қатысты ұсталғандар. Көбіне сот процесі жабық өтеді.
Иранның конституция сақшыларының кеңесі тағы бір заң жобасын қарастырып жатыр.
Оған сай тыңшылықтан бөлек, интернетте сөйлесу, шетел БАҚ-тарымен ынтымақтастық, тіптен идеологиялық келіспеушілік үшін ең ауыр жаза кесілуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





