Жәния Бекмұхамбетова беделді турнирдің іріктеу жарысының жартылай финалына дейін жетті
© Сурет: olympic.kz
Лаос елінде үстел теннисінен жапониялық халықаралық сарапшы Дайсуке Исиданың жетекшілігімен 2025 ITTF Asia Hopes Week and Challenge оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жиынға үстел теннисі бойынша Иран, Үндістан, Қазақстан, Лаос, Малайзия, Мальдив, Сингапур, Таиланд, Шри-Ланка және Жапония елдерінің жас спортшылары қатысты.
Соңғы екі күнде іріктеу турнирі өтіп, финалға шыққан спортшылар әлемдік ITTF World Hopes Week and Challenge турниріне жолдама алды.
Жәния Бекмұхамбетова жеті теннисшіден тұратын кіші топта екінші орын алып, жартылай финалға өтті. Нәтижесінде төртінші орынға ие болды.
Қыздар арасында бірінші орынды жапониялық Каэде Нэя иеленіп, әлемдік Hopes турниріне жолдама алды. Екінші орынды малайзиялық Ван Суан Ён жеңіп алып, ол да жолдамаға ие болды.
Ұлдар арасында бірінші орынға ирандық Ясин Шоаритехрани, ал екінші орынға жапониялық Рику Таруи тұрақтап, екеуі де әлемдік Hopes турниріне қатысу құқығына ие болды.
Олег Яковлев (Қазақстан) оныншы орынға ие болды.
Бұған дейін Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшадағы турнирде күміс медаль иеленгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





