Теннисшілердің еуропалық рейтингісінде қазақ баласы көш бастап тұр
© Сурет: ktf.kz
Junior Masters - 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылар қатысатын еуропалық іс-шара.
Tennis Europe (TE) 2022 жылдың күзінде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы қазіргі уақытта еуропалық рейтингте 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында І-орында тұр, оның активінде 255 ұпай бар. Жас спортшы Еуропа Туры сериясындағы алты турнирге қатысты, олардың екеуінде жеңіске жетті. Заңғардың келесі жылы жасөспірімдер арасындағыJunior Masters-ке қатысуға үлкен мүмкіндігі бар.
Junior Masters - 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылар қатысатын еуропалық іс-шара. Ол сегіз үздік ұл мен қыздан тұрады. Оның бұрынғы чемпиондарының қатарында Рафаэль Надаль, Ким Клейстер, Александр Зверев, Белинда Бенчич және тағы басқалары бар. Жарыс ATP Masters 1000, Rolex Monte-Carlo Masters додалары өтіп жүрген Монте-Карлодағы клубтың аңызға айналған корттарында болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





