Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
© Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, "Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы" тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Университет ұжымын оқу орнының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, БҰҰУ-дың бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін нақты шешімдер әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті.
"Осы айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған Мемлекет басшысы атану – мен үшін зор мәртебе. Мұны халықаралық аренадағы рөлі артып келе жатқан Қазақстанға шынайы құрмет деп қабылдаймын. Сондай-ақ біздің мультилатерализмді ілгерілетуге әрі жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған табанды еңбегімізді мойындаудың белгісі ретінде қарастырамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымдарын атқару бақытына ие болдым", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ұстанатын қағидаттар мен жапон этикасы арасындағы үндестікке тоқталды. Яғни үйлесімділік, даналық және жауапты көшбасшылық – шынайы күш-қуаттың қайнары.
"Ханзада Сётоку VII ғасырда "үйлесімділік бәрінен биік бағалануға тиіс" деп жазды. Бүгінде бұл қағидат мемлекеттік басқаруда және халықаралық қатынастарда басты рөл атқарып, Қазақстанның сыртқы саясатында айқын көрініс тауып отыр", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 19 желтоқсан 2025
19 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады
-
15:47, 19 желтоқсан 2025
2026 жылға арналған археологиялық жұмыстар жоспары бекітілді
-
15:36, 19 желтоқсан 2025
ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық көмек: не өзгереді
-
15:21, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық медицина қызметкерлерін сертификаттау жүйесін жетілдіру көзделіп отыр
-
15:13, 19 желтоқсан 2025
Мінсіз бедел және жаңа тыйымдар: Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін не өзгереді





