Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады
© Сурет: pexels
Алматы әкімдігі бүгін, 2025 жылғы 19 желтоқсанда қысқы ойын-сауық орындары жайлы айтып берді. Белгілі болғандай, оңтүстік мегаполисте 20-дан астам мұз айдыны бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство атап өткендей, оның 11-і – әлеуметтік мұз айдындары, олар қаланың барлық ауданында орналасқан. Ал, қалған 9-ы сауда орталықтары мен спорт кешендері жанынан ашылған жекеменшік мұз айдындары.
Қазіргі таңда әлеуметтік мұз айдындарының сегізі келушілерді қабылдап үлгерді, ал өзгелері алдағы күндері ашылады.
Бүгінде келесі мекенжайлардағы мұз айдындары жұмыс істеп тұр:
- Алатау ауданы – "Алматы Арена" мұз сарайы
- Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы
- Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент қорының саябағы (Ганди көшесі)
- Медеу ауданы – Республика сарайы
- Медеу ауданы – "Халық Арена" мұз сарайы
- Медеу ауданы – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ
- Жетісу ауданы – "Гүлдер" саябағы
- Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы
Жуырда ашылатын мұз айдындары:
- Наурызбай ауданы – әкімдік аумағы
- Түрксіб ауданы – "Авиатор" стадионы
Бұған дейін Қазақстандық медицина қызметкерлерін сертификаттау жүйесін жетілдіру көзделіп отырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 19 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңіндегі ерлер спринті: ел намысын кімдер қорғайды
-
17:31, 19 желтоқсан 2025
20 желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде қар жауып, боран соғады
-
17:20, 19 желтоқсан 2025
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 20-21 желтоқсан
-
17:10, 19 желтоқсан 2025
Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат
-
17:03, 19 желтоқсан 2025
Бадминтон: Дмитрий Панарин Астанадағы турнирде жартылай финал жолдамасы үшін ойнайды





