Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған

16:59, 19 желтоқсан 2025

© Сурет: ҚР ІІМ

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында жедел уәкілдер өсімдік тектес зат салынған ораманы анықтап, тәркіледі. Кейін есірткі заттарын сақтау үшін арнайы жалға алынған пәтерді тексеру кезінде дәл осындай зат салынған қап табылып, алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат марихуана есірткі заты болып, жалпы салмағы шамамен 13 келіні құрады.

Бұл 21 мыңнан астам бір реттік дозаға тең. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Аталған баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!