Рыбакинаның жаттықтырушысы оның қанша уақытта әлемнің бірінші ракеткасы болатын айтты
© Фото: zakon.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны қазіргі уақытта жаттықтырып жүрген 52 жастағы италиялық маман Давиде Сангвинетти әлемнің 12-ракеткасымен жұмыс істеу жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәжірибелі жаттықтырушы Қазақстанның үздік теннисшісінің командасында жарты жылдан бері еңбек етіп келеді және жоғары нәтижеге асықпайтынын, бұл туралы әйелдер құрамасының көшбасшысын бірден ескерткенін Super Tennis басылымы жазады.
"Оның командасына ақпан айында алдын ала дайындықсыз қосылдым. Ол маған не істегенін айтты. Өзімнің жұмыс әдісім бар болғандықтан, екі жылға әріптестік сұрадым. Бірінші жылы бар жағдайды сақтап қалғым келеді, мүмкін рейтингіде алтыншы орынмен аяқтаймыз. Ал келесі жылы оны әлемнің бірінші ракеткасы деңгейіне жеткізгім келеді. Оның оған жетуге барлық әлеуеті бар", - деді Давиде Сангвинетти.
Еске салайық, 2025 жылдың 3 ақпанында Елена Рыбакина италиялық бапкер Давиде Сангвинеттимен әріптестіктің басталғанын хабарлады. Ол кезде қазақстандық спортшы WTA рейтингінде бесінші орында тұрған.
Содан бері еліміздің бірінші ракеткасы әлемдік рейтингтің топ-10-дығынан шығып қалды және тек WTA 500 санатындағы бір турнирді — Францияның Страсбург қаласында жеңіп алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





