Poland Open2025: алтын медаль үшін таласта қазақстандық балуан боз кілемге шықпай қалды

10:55, 3 тамыз 2025

© Сурет: uww.org

Алтын медальден үмітті қазақстандық балуан қыз Эльмира Сыздықова үшін Варшавададағы (Польша) Poland Open турнирі драмамен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, жарыс 30 шілде мен 3 тамыз аралығында өтуде.

2 тамызда 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатарынан үш сенімді жеңіске жеткен, Қазақстан атынан чемпиондықтан басты үміткер ол алтын медаль үшін таласта боз кілемге шықпады. Өйткені оның жарақат алғаны хабарланды. Осылайша бразилиялық Тамирес Мартинс Машадо еш қиналыссыз бас жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы аталған турнирде екі медаль жеңіп алды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!