Оразбахтин: Топтық кезеңде мүмкіндігінше атақты клубтармен кездескіміз келеді
© Сурет: Zakon.kz
"Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында шәкірттерінің алматылық ойынына қорытынды жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оразбахтин ойыншыларға Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде кездесуі мүмкін Еуропаның мықты клубтарын еске салған.
"Онда тек алып клубтар. Балаларға көрсетіп, қағазға шығарып, киім ауыстыратын бөлмеге іліп қойдық. Олардың көріп, жігерленгенін қаладым. Әрине, топтық кезеңде мүмкіндігінше атақты клубтармен кездескіміз келеді, өйткені мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет тууы мүмкін", - деді Рафаэль Оразбахтин.
Жарақат алған ойыншыларға қатысты сұраққа ол команда соңына дейін күресетінін айтты.
"Жарақаттар негізінен бұлшықетке байланысты. Біз мұндай қарқында ұзақ ойнауға үйренбегенбіз. Бірақ бізде басқа ойыншылар бар, олар орнын толтырып, өз мүмкіндігін пайдалана алады", - деді ол.
Оның айтуынша, Заруцкий шамамен бір айдың ішінде қатарға қосылады.
"Эдмилсон да көп ұзамай қатарға оралады. Ал Зарияда микрожарақат бар. Бір аптада жазылып кетуі мүмкін, бірақ одан да көп уақыт алуы ықтимал. Словакияда ауыр соқтығыс болды. Басында жай көгерген шығар деп ойладық, бірақ жарақат біз ойлағаннан ауырлау болып шықты", - деп түсіндірді алматылық команданың бапкері.
Сондай-ақ, Заруцкий жарақат алмаған жағдайда Анарбековтың пенальти сериясындағы ойынына қатысты сұраққа да жауап берді.
"Қақпашылар жаттықтырушысы маған Темірлан сенімді ойнайды деді. Ол ойыншыларды біледі. Нәтижесінде бәрі дәл солай болды", - деді Оразбахтин.
Айта кетейік, Оразбахтин – Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бапкерлік ететін алғашқы қазақстандық маман.
Еске салайық, 27 тамызға қараған түні өткен УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіндегі матчта қазақстандық "Қайрат" шотландиялық "Селтикті" пенальти сериясында 3:2 есебімен ұтып, тарихи жеңіске жетті.
"Селтик" клубының бас бапкері Брендан Роджерс өз командасының "Қайраттан" жеңілуіне қатысты пікір білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





