Әлімханұлы желтоқсанда WBO титулы үшін жұдырықтасады: жекпе-жек туралы мәліметтер белгілі болды
© Сурет: instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен Дания боксшысы Якоб Бэнктің командаларына 2026 жылғы 7 қазанға дейін жекпе-жек шарттары бойынша келісуге міндеттеме берген. Егер тараптар келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленуі тиіс еді.
Нәтижесінде Бэнк пен Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге келісті. Кездесу желтоқсанда Данияның Копенгаген қаласында өтеді. Бұл туралы Бэнктің менеджері Спенсер Браун The Ring журналына хабарлаған.
WBO-ның қазіргі рейтингінде Әлімханұлы өз салмақ дәрежесінде бірінші орында, ал Бэнк үшінші орында тұр.
Екі боксшы да кәсіпқой рингте әзірге жеңіліс көрмеген. Қазақстандық спортшының еншісінде 17 жеңіс бар, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Ал дат боксшысы 20 рет жеңіске жетіп, 11 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.
Чемпиондық белбеу британдық боксшы Хамза Шираз Әлімханұлына қарсы міндетті жекпе-жектен бас тартқаннан кейін бос қалған. Осыған байланысты WBO екі үміткер арасында бос титул үшін жекпе-жек өткізуге санкция берген.
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы сәуірде Астанада өткізіп, Анауэль Нгамиссенгені мерзімінен бұрын жеңген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 22 қараша 2026
Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды
-
12:06, 22 қараша 2026
«Реал» Ла Лига аясында қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетті
-
11:13, 22 қараша 2026
WTA 125 турнирі: Құламбаева екі аптада екі рет чемпион атанды
-
18:55, 21 қараша 2026
Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды
-
18:49, 21 қараша 2026
Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды





