Бублик алғаш рет Медведевті жеңіп, Германиядағы ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды
© Сурет: instagram.com/atptour
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Даниил Медведевтен басым түсті. Айта кетейік, Медведев - US Open турнирінің жеңімпазы.
Шешуші матч 6:3, 7:6 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 11 рет эйс жасап, бес қос қателік жіберді, төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Сонымен қатар турнир барысында Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы саналатын италиялық Янник Синнерді де жеңіп шыққанын атап өткен жөн.
Бублик үшін бұл – мансабындағы бесінші ATP титулы. Ол бұған дейін ATP 250 Монпелье (2022), ATP 500 Галле (2023), ATP 250 Антверпен (2023) және ATP 250 Монпелье (2024) турнирлерінде жеңіске жеткен еді.
Бублик Галледе екінші рет жеңіске жеткенін айта кеткен жөн. Екі жыл бұрын ол финалда Ресейдің тағы бір өкілі Андрей Рублевті ұтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





