Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Құралай Егінбайқызы алтын медаль иеленді

11:55, 10 тамыз 2025

© Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

 

Үшінші орынға Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.

Бұған дейін бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшылар бес қола медаль еншілегенін хабарлағанбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!