Бокстан Әлем кубогының кезеңі: Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбай да алтын жүлдеге таласатын болды
© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды. Ақтық сында бірі француздың, тағы бірі жапон өкілімен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз Оралбай 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында түркиялық Мерт Айбугамен кездесуі керек еді. Алайда, Түркия өкілі Мерт Айбуга жекпе-жектен бас тартып, жерлесіміз бірден финалға шықты.
Осылайша, Нұрбек Оралбай финалда франциялық боксшымен алтын медальді сарапқа салады.
Сондай-ақ қыздар арасында отандасымыз Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Жапония өкілі Хикану Шинохарамен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Назым Қызайбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін танымал отандық боксшы кәсіби мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





