Астанада теннистен Президент кубогының жеңімпазы анықталды

21:51, 3 тамыз 2025

© Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Астанада теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды.

Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.

 

Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты.

Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!