Тоқаев пен Путин Ресей мен Қазақстанның бірлескен мектептерін ашу мәселесін талқылады
Қазақстанда қос елдің бірлескен мектептері мен университеттерін ашу мәселесі пысықталуда. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Омбыда өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
- Ресей тарабы Қазақстанға орыс тілі мұғалімдерін даярлауда қолдау көрсетуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта Қазақстанда қос елдің бірлескен мектептері мен университеттерін ашу мәселесі пысықталуда, - деді Ресей Президенті.
Путин Ресей мен Қазақстанның өңірлері гуманитарлық салада, білім беру және кадрлар даярлау саласында өзара байланыстарды дамытып жатқандығын атап өтті.
- Ресейдің жоғары оқу орындарында шамамен 74 мың қазақстандық оқиды, олардың 30 мыңнан астамы Ресей бюджеті есебінен қаржыландырылады. Көпшілігі Еділ, Сібір және Орал өңірлік институттарында жоғары білімін шыңдауда. Челябі мемлекеттік университетінің филиалы Қостанайда бұрыннан және нәтижелі жұмыс істеп келеді, - деді Путин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды
-
17:07, 17 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
-
16:45, 17 қараша 2025
Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды
-
13:23, 15 қараша 2025
Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды
-
10:35, 15 қараша 2025
Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді





