Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
© Сурет: Ақорда
Ақордада Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 17 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Эстония президенті Алар Каристі қарсы алғанына қуанышты екенін жеткізді.
"Эстония – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз эстон халқының тарихына, дәстүріне және мәдениетіне құрметпен қараймыз. Екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттеріміз арасында түйткілді мәселе жоқ. Дегенмен өзара ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор. Оны ілгерілете беруіміз керек. Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымыз бен достық байланыстарымызға тың серпін береді деп сенемін. Сауда саласында түрлі кедергілер бар екенін білеміз. Бірақ бұл бағыттағы бірлескен жұмыс алға жылжып келеді. Қазақстан Эстонияның теңіз порттарын пайдалануға, сауда-саттық көлемін арттыруға ниетті. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі және басқа да құрылымдар шеңберіндегі сындарлы ықпалдастықты өрістетуге мүдделіміз. Осы сапардың нәтижесінде мәдени байланыстарымыз да өркендей түседі деп үміттенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Сөз кезегінде Эстония президенті қос елдің қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде екенін баса атап өтті.
"Әлбетте, кейбір кедергілер бар, бірақ оны еңсеруге болады. Кейде біз түйткілдердің оңай шешілетінін аңғара бермейміз. Бизнес өкілдері қазірдің өзінде іскерлік қатынастар мәселесін талқылап жатыр. Бірнеше кездесу жоспарланған. Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылмақ, бірқатар бастамаларды іске асыратын боламыз. Сондықтан келешегіміз жарқын екеніне сенімдімін. Жаңа байланыстарымыз өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға көмектеседі деп үміттенемін. Әрине, әлемдегі геосаяси ахуал тұрақсыз болып тұр. Дегенмен барлық проблеманы бірлесіп шешуіміз керек. Сіз БҰҰ туралы айттыңыз. Бұл – өте маңызды ұйым. Әлемде қақтығыстар мен соғыстар мейлінше аз болуы үшін ұйымға біршама реформа жасау қажет", - деді Алар Карис.
Бұған дейін Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:31, 20 ақпан 2026
Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын
-
08:00, 19 ақпан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді
-
15:13, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
-
19:11, 22 желтоқсан 2025
Тоқаев Путинмен кездесті: Қазақстан мен Ресей көшбасшылары не туралы сөйлесті





