Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Мишустинмен келіссөз өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және "Digital Almaty" форумына қатысу үшін келген РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
"Біз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Владимир Владимирович Путин негізін қалаған екі ел арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық бағытын іске асыру мақсатында ресейлік әріптестерімізбен одан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз. Біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сабақтастықты өз қызметінің негізгі принципі ретінде нақтылады", — деді А. Мамин.
Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктесі. 2019 жылдың 11 айында екіжақты тауар айналамы $17,2 млрд құрады. ҚР-да ресейлік капиталдың қатысуымен 10 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
"Сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары оң динамикасын қолдау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің іскерлік орталарымыздың арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ тауарларды үшінші елдердің нарықтарында ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл маңызды жұмыс Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да жүргізілуде", — деді А. Мамин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 10 желтоқсан 2021
Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасарын қабылдады
-
16:13, 10 желтоқсан 2021
Нұрлан Нығматулин Думаның бірінші вице-спикерін қабылдады
-
12:38, 8 желтоқсан 2021
Дариға Назарбаева Шавкат Мирзиёевпен кездесті
-
09:10, 8 желтоқсан 2021
Мамин Қырғызстан үкіметінің басшысымен келіссөз жүргізді
-
21:39, 5 желтоқсан 2021
Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келіп жетті