Қайрат Мәми Алжирдің Конституциялық кеңесі төрағасымен кездесті

Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық Кеңесінің 30 жылдық мерейтойына арналған ресми іс-шара аясында "Әлеуметтік бейбітшілікті қамтамасыз етуге конституциялық сот төрелігінің үлесі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бағдарламаға сәйкес, онда Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми "Қоғамдағы әлеуметтік бейбітшілікті қамтамасыз етудегі Конституциялық бақылау органдарының рөлі" тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Өз сөзінде ол қоғамдағы бейбітшілік аса маңызды конституциялық құндылық екенін атап өтті.
XXI ғасырда социумның мұндай жағдайына қол жеткізу ерекше өзектілікке ие. Әлеуметтік бейбітшілік кепілдігін бірінші кезекте Конституциядан іздеу керек. Конституциялық әділет органдарының қызметі азаматтық бейбітшілікті бұзудың ықтимал себептері болып табылатын заңдағы және оны қолдану тәжірибесіндегі қайшылықтар мен олқылықтарды анықтау және оларды жою жолдарын көрсетумен байланысты. Конституционализмді нығайту және құқық үстемдігі қағидаттарын күшейту мемлекеттердің бейбітшілік, келісім және үдемелі дамуының кепілі болып табылады, - деді спикер.
Сонымен қатар, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің төрағасы өзінің алжирлік әріптесі Камел Фениш мырзамен кездесу өткізді, соның барысында екі органның конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
Мәми алжирлік әріптесін биылғы 27-28 тамызында жоспарланып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:06, 18 ақпан 2025
Тоқаев Иорданияға ресми сапармен барды
-
18:42, 13 қаңтар 2025
Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне келіп жетті
-
16:13, 18 желтоқсан 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бірлескен мәлімдеме жасады
-
14:41, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан мен Гвинея президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды
-
14:39, 11 желтоқсан 2024
Тоқаев Хелен Кларкты қабылдады: олар нені талқылады