Иран ШЫҰ мүшелігіне қабылдануы мүмкін

18:35, 21 сәуір 2017

Қазақстан Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуын қолдайды.

Бұл туралы Астанада өткен ұйымның сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Ұйымның қазіргі мүшелері – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан. Бұл елдердің басым бөлігі Сирия мәселесіне қатысты ортақ көзқарасты ұстанады. Яғни шиеленіс қарудың күшімен емес, келіссөздер арқылы реттелуі тиіс. Сонымен қатар, аймақта қаржылық тартымдылықты күшейту үшін «Шанхай Ұйымы даму банкі» секілді құрылымды ашу мүмкіндіктерін қарастыру керектігі айтылды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Бұл мәселелердің көбі ШЫҰ саммитінде қабылданатын Астана декларациясында көрсетіледі. Бүгінгі жиында біз саммиттің күн тәртібін және қол қойылатын өзге де құжаттар жобаларын да қарастырдық және олар бойынша келістік. Енді Үндістан мен Пәкістанның ұйым мүшелігіне қабылдану рәсімінің аяқталуы және әрқайсысына мүше мемлекеттің мәртебесін беру туралы шешім маңызды құжаттардың бірі болмақшы.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!