Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды

20:35, 25 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Павлодарға қарасты ауылда тоқ соққан жасөспірім қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 сәуірде Мойылды ауылында болды.

"Мекенжайға жеткен дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасаған, алайда 2007 жылы туған жасөспірімді құтқара алмады", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

"12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда қайғылы жағдай болды. 17 жастағы баланы электр тоғы соғып, көз жұмды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жасөспірім Павлодарда тұрған, алайда сол кезде әжесінің үйінде қонақта жүрген. Жоғарыда аталған 4-ТҚС "ПРЭК" АҚ есебінде.

Облысты полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын және оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлім етті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!