Елбасы Алматы облысындағы бірқатар нысанды аралады

21:19, 20 қыркүйек 2017

Түс ауа Президенттің жұмыс сапары Алматы облысында жалғасты. Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай батыр ауданы Райымбек ауылында орналасқан «Батыр бабаларға тағзым» мемориалдық кешенін көрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған нысанда ежелгі сақ дәуірінен бастап, Алашордаға дейінгі аралықты қамтитын тарихи деректер ұсынылған.

Сондай-ақ даңқты хандар, билер мен батырлардың портреттік галереясы мен айтулы тұлғалар туралы мәліметтер бар. Ал кешеннің орталық бөлігінде батыр бабаларға құрмет композициясы орналасқан.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған ауылында салынып жатқан Музей ғимараты және Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Қос нысан да жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!