Б.Сағынтаев Семей қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап көрді

16:27, 17 наурыз 2017

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Семей қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап көрді.

Шаһардың сол жағалауының үштен екісіне қызмет көрсететін бірінші жылу орталығы Елбасының тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылған болатын.

 Оған мемлекет қазынасынан 23 миллиард теңге жұмсалды. 

Сондай-ақ Үкімет басшысына 3-ші жылу энергия орталығының құрылыс жұмыстары туралы есеп берілді. 

Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың соңында пайдалануға берілген Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңа ғимаратымен де танысты. 

Үкімет басшысына әуежайдың қайта жөндеу жұмыстары жайлы да баяндалды. 

Нұртай Оспанов, Семей әуежайының директоры:

-Әуежайдың қайта жаңғыртылуы халықаралық ИКАО сертификатын алуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бұл ұйым біздің нысанды өзінің тізіміне енгізіп, барлық халықаралық әлемге танымал әуе компанияларымен жұмыс істей аламыз. Әуежайдың транзиттік әлеуетін де толық пайдаланамыз. Яғни рейстердің саны көбейіп, жолаушылар тасымалы да артады деген сөз.

Мұнан кейін Бақытжан Сағынтаев Абай атындағы кітапханада Семей жұртшылығымен кездесті. 

Үкімет жетекшісі елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, Үкіметтің Президент Жолдауын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы жан-жақты айтты. 

Кездесуге қатысушылар өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!