Стамбұлда оқушы мектеп директорына оқ атты
© Сурет: pixabay
Стамбұл қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртібінің нашарлығына байланысты мектептен шығарылған жоғары сынып оқушысы арада бірнеше ай өткен соң өзі оқыған білім мекемесіне барып директорды кабинетінде отырған жерінен бес рет атқан.
Оқиға орнында ауыр жараланған 74 жастағы директор ауруханаға жеткізілгенімен көп ұзамай қайтыс болды. Бірнеше сағаттан кейін ұсталған 17 жастағы оқушы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қамауға алынды, деп жазады qazaqstan.tv.
Тергеу кезінде ол өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.
"Директормен көрші кабинеттерде отырамыз. Мылтық дауысын естіп сыныптан жүгіріп шыққанда директорымыз да коридорға шықты. Үсті-басы қан, маған қарай жүрді де құлады. Не болғанын түсінбей директорымызды ұстамақ болдым, алайда әлім жетпей ол кісі құлап түсті. Қылмыс жасаған оқушы қашып үлгерген екен, оны көрмедім." Кадрие Девежи, мұғалім
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 20 мамыр 2024
Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты
-
18:51, 20 мамыр 2024
Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
-
18:30, 20 мамыр 2024
Таразда жеке тұрғын үйдің ауласында «ГАЗель» өртеніп, бір адам зардап шекті
-
18:13, 20 мамыр 2024
Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
-
18:04, 20 мамыр 2024
Түркістан облысында жер алып беремін деп 3 млн теңгені қалтасына басқан күдікті анықталды