Қостанай облысында теледидар мен радио өшірілді

12:17, 10 мамыр 2024

© Сурет: ccnull.de

Қостанай облысында бүгін, 2024 жылғы 10 мамырда кейбір теле-радио арналар жеті сағатқа – сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өшірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп – жоспардан тыс жұмыс.

"Қазтелерадио" АҚ 2024 жылғы 10 мамыр сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты) Қостанай облысы "Құсмұрын" радиотелевизиялық станциясында цифрлық эфирлік телевизия телеарналары және мына радиоарналарды өшіре отырып, жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды: QAZAQSTAN, Balapan, Abai TV, Qazsport HD, Хабар HD, 24 KZ, Ел Арна, Jibek joly, Первый канал Евразия, МИР, QOSTANAI, QAZAQ Radiosy, - деп жазылған ресми ақпаратта.

2024 жылдың 24 қаңтарында бүкіл Қазақстан бойынша теледидар мен радио 14 сағатқа өшірілді. Бұдан кейін "Қазтелерадио" АҚ мұның себебін жоспарлы профилактикалық жұмыстар деп түсіндірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!