Бақытжан Сағынтаев Энергетика министріне қатаң сөгіс жариялады

12:00, 10 қазан 2017
626

Жанармай бағасы тек келер жылдың басында тұрақтанады.

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары толыққанды жұмыс істей бастағанда, сырттан келетін импортты азайтамыз. Яғни бағаны да қайта қарау мүмкіндігі туады. Бұл туралы Үкіметте Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Ал бензиннің тапшылығы көршілес Ресейде АИ 92 маркалы жанармайдың бағасы литріне 220 теңге болуымен байлынысты», – дейді «ҚазМұнайГаз» басшысы. Сауат Мыңбаевтың сөзінше, импортталатын бензин қымбат болғандықтан, елдегі жеке жанармай құю бекеттері тасымалды тоқтатқан немесе бағаны көтеруге мәжбүр болған. Ал бензинге ұзынсонар кезек бағаны көтермеген стансаларда ғана орнаған. Премьерге есеп берген энергетиктер мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары ішкі нарықты жанармаймен қамтуға кедергі болғанын да әңгімеледі. Алайда Бақытжан Сағынтаев айтылғанның барлығы тек бос сылтау екенін атап, мәселені алдын ала болжауға болатынын ескертті. Нәтижесінде бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жариялап, жанармай саласына жауапты өкілдерді қызметтен босатты.

Жұрағат Баман тілші:

-Жанармай дефициті мен бағасының шарықтауына байланысты Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа қатаң сөгіс жариялады. Үкімет басшысының бұл шешімі Президенттің қарауына жіберіледі. Сондай-ақ бүгін Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінен босатылды. Қатаң сөгіс «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа да жарияланды. Ал компанияның вице-президенті Данияр Берлібаев жұмысынан шеттетілді.

Источник: khabar.kz


Пікір