15-16 ақпанда Астанада өтетін Сирия бойынша халықаралық кездесуіне журналистерді аккредиттеу басталды

18:00, 14 ақпан 2017

Астана процесі шеңберіндегі Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті жоғары деңгейдегі отырыс 2017 жылғы 15 ақпанда Астана уақытымен сағат 13.00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде басталады.

Кездесу жабық режимде өтеді.

Келіссөздердің басталуын түсіру мақсатында журналистер шақырылады. Тіркеу «Rixos President Astana» қонақүйінде сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін өткізіледі.

Баспасөз орталығы Қонаев көшесі, 7 мекен жайында «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 1-қабатында  орналасады (батыс кіреберіс, Нұрлы жол көшесінен).

Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 14 ақпанда сағат 19.00-ге дейін толтырылған аккредиттеу нысанын (doc, 755кб ) және паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін accreditation@mfa.kzэлектронды мекенжайына жіберуді сұраймыз.

2017 жылғы 16 ақпанда кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізу жоспарлануда. Іс-шара уақыты мен орны қосымша хабарланады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!